Спорт
1 мин оқу 60

Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Францияда өтіп жатқан &laquo;Ролан Гаррос&raquo; турнирінің алғашқы айналымында&nbsp; жеңіске жетті, деп хабарлайды <a title="Egemen.kz." href="/admin/news/Egemen.kz.">Egemen.kz.</a></p>

Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

Әлемдік рейтингте 103-орында тұрған Шевченко негізгі жарысқа «лаки лузер» ретінде қосылған еді — яғни, басқа спортшының бас тартуына байланысты мүмкіндік алған. Алғашқы айналымда ол сербиялық Душан Лайовичпен (125-орын) кездесіп, үш сетке созылған ойында жеңіске жетті — 6:2, 6:4, 7:6 (7:4).

Кездесу екі сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко үш эйс жасап, үш қос қателік жіберді. Сондай-ақ, ол сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Шевченко америкалық Итак Куинн мен болгариялық Григор Дмитриев арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар