Спорт
1 мин оқу 130

Кий ұстаған көп ардагер

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы &laquo;Парасат&raquo; орталығында ардагерлер арасында бильярдтан халықаралық турнир өтті. Жарыс белгілі инженер, &laquo;Құрмет&raquo; орденінің иегері, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, республикалық Бильярдшылар одағының президенті Жақсықұл Мырзахметұлының құрметіне арналды.</p>

Кий ұстаған көп ардагер

Еліміздің бірқатар өңірі, көршілес Қырғызстаннан кел­­­ген ардагерлердің басын қосқан жарыстың ашы­лу салтанатында тех­ника ғылымдарының док­торлары Ишенбек Жақыпбеков пен Нұрлан Айтымбетов, Құрметті құрылысшы Тоқмағамет Ибрагимов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қаныбек Қалдыбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жетісу облысы бильярд федерациясының президенті Тоқтар Есімов Жақсықұл Мырзах­­мет­ұлына облыс әкімі мен Талдықорған қаласы әкі­мінің Құрмет грамотасы, облыстық Дене шы­нық­тыру және спорт бас­қармасы басшысының Алғысхатын табыс етті.

Жекелеген сайыста Қыр­ғыз­станнан келген «Қара балта» коман­­да­­сының мүшесі Олег Кимге тең келер ешкім болмады. Ол бас жүлдемен қатар 150 000 теңгені еншіледі. Күміс медаль, 100 000 теңге Шымкенттің «Тұран» клубының ойыншысы Алик Махановқа бұйырды. Жергілікті «Коро­наның» марқасқасы Мұрат Жайлаубаев қола медаль, 50 000 теңгені иеленді.

Командалық бәсекеде 14 ұжым шеберлік бай­қасты. Солардың ара­сынан Алматының «Коро­насы» озып шықты. 700 000 теңгені олжалаған жеңімпаздардың сапында Қаныбек Қалдыбаев, Артықбай Санақұлов, Панабек Сарғалдақов, Мұ­ратқан Шәйдемов, Мұрат Жайлаубаев, Валерий Мусиенко, Алым Машуров сынды бильярдшылар асқан шеберлік танытты. Оларды жарысқа Ғабиден Қайымсұлтанов баптап әкелді. Финалда «Корона» Талдықорғанның «Жетісу-1» клубын қапы қалдырды. Қыр­ғызстанның «Қара бал­тасы» үздік үш­тік­ті түйін­деді.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Кий ұстаған көп ардагер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар