Білім
1 мин оқу 51

Алматыда ұстазын балағаттаған оқушы мектептен шығарылды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орын алған резонанстық жағдайға байланысты &laquo;Назарбаев Зияткерлік мектептері&raquo; ДББҰ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин оқушымен, оның ата-анасымен және педагогикалық ұжыммен кездесулер өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Алматыда ұстазын балағаттаған оқушы мектептен шығарылды

Талқылауға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Нәтижесінде оқушы мемлекеттік жалпы білім беру мектебіне ауыстырылды. Ата-аналар бұл шешімге қарсылық білдірмеді.

«НЗМ әрдайым оқушыларға адалдық таныта отырып, өзара құрмет пен сындарлы қарым-қатынас ұстанымдарын ұстанады, алайда ұстаздарға деген құрмет мәселесінде қатаң позицияны сақтайды», деді Ануар Жанғозин.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен Алматыға Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы да барды. Министрлік өкілдерінің, өңірлік уәкіл мен жұртшылықтың қатысуымен өткен көшпелі кездесулер барысында жағдай жан-жақты талданып, оны шешудің жолдары қарастырылды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды. Мұғалімді құрметтеу мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың бұлжымас басымдықтары болып қала береді.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы  тоқсандық қорытынды бақылау кезінде академиялық адалдық ережесін бұзып, ұялы телефон қолданған. Ал ескерту жасаған мұғалімді балағаттаған. Нәтижесінде оқушы мектептен шығарылып, жалпы білім беру мектебіне ауыстырылған.

Бөлісу:
Алматыда ұстазын балағаттаған оқушы мектептен шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар