Оқиға
1 мин оқу 71

Мектеп бітіру кешіндегі өлім. Министрлік түсініктеме берді

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында мектеп бітіру кешінде оқушыны шампурмен жаралап, оның өліміне әкеп соқтырған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мектеп бітіру кешіндегі өлім. Министрлік түсініктеме берді

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы – қасақана адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы құрылып, белсенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Санжар Әділов.

Министрлік өкілі хабарлағандай, күдікті ретінде ұсталған жасөспірімге қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Трагедиядан кейін білім беру мекемесінде де жауапкершілік шаралары қабылданған. Оқиғаның алдын алуға жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылды.

«Мектеп директоры қызметінен босатылды. Сонымен қатар оқу ісінің меңгерушісі мен екі сынып жетекшісіне қатаң тәртіптік шаралар қабылданды», деді С.Әділов.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:
Мектеп бітіру кешіндегі өлім. Министрлік түсініктеме берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар