Өндіріс
3 мин оқу 40

Кәсіпорын көлік шиналарын шығара бастады

<p style="text-align: justify;">Саранда өндірілген шиналар алғаш рет отандық автозауыттарға жөнелтілді. Алғашқы бөлігі &ndash; 900 дана. Айтулы жаңалық &ndash; отандық өндірістің олжасы ғана емес, машина жасау саласы үшін жаңа саты, тың белес.</p>

Кәсіпорын көлік шиналарын шығара бастады

Сөйтіп, бұған дейін тек шетелдік шина тағынған темір тұлпарлар енді толықтай отандық өніммен қамтыла бастайды. Бастапқы 900 данасы Қостанайдағы «Allur» кәсіпорнына жіберілді. Енді 205/55 R16 мөлшерлі «Attar S01» модельді жаздық шиналар отандық жеңіл автокөліктердің дөңгелегіне тағылады.

«Шина құрылымы 7 негізгі элементтен тұрады. Гермоқабат өнімнің герметикалығын қамта­масыз етіп, ауаның сыртқа шы­ғуы­на жол бермейді. Борттық сақиналар мен қанатшалар шина мен дөңгелек дискісінің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Келесі элемент – бүйірлік бөліктер, осы арада барлық жазу айқын оқылып, көрінеді. Одан кейін қабаттасып орналасқан каркас келеді. Ол екі түрге бөлінеді: маталы және металды (брекер). Негізгі міндеті – шинаны механикалық зақымданудан мейлінше қорғау. Соңғы элементі – протектор. Осы жетілген 7 элементтің әрқайсы­сы арнайы жабдық қалыбында өндіріледі», дейді «Tengri Tyres» ЖШС директорының өндіріс және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Максим Белявский.

пр

Өнім алдын ала «омологациядан» өткен. Бұл – өнімнің немесе техникалық құрылғы­ның тиісті стандарт пен талапқа сәй­кес еке­нін ресми растау. Бұл үрдіс көбіне автокөлік өнеркәсі­бінде құрыл­ғыларды пайдалану қауіп­сіздігі мен тиімділігін тексеру үшін қол­даны­лады. Нарықта омологациясыз өнімді сертификаттау және сату мүлде мүм­кін емес. Демек өнімнің нарыққа шығуы­на және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік бар.

Зауыттағы бақылау үрдісі қатаң. Әр шина міндетті визуал­ды тексеруден соң, автоматты құралдармен сынақтан өтеді. Техникалық тексеруден өтпеген өнім жарамсыз деп танылып, қайта өңделеді.

Өндіріс реттілігі 5 кезеңді қамтиды. Алғаш­­­қы­­да әртүрлі ши­кізат түрінен резеңке қоспа­лар әзірленеді. Сосын сапалы шинаның жаб­дық­тары (маталы корд, брекер, протек­тор) дайын­­далады. Одан кейін барлы­ғы жинақ­та­лып, шина қалыбы­на келгенде оны вул­­ка­­ни­­зация­лау үдерісі жүреді. Күрделі қалып­тау амалдары арнаулы қалыпта жоғары қысым мен белгілі бір температурада жүзеге асырыла­ды. Осылайша, резеңке қоспа­сы өз қасиеттерін өзгертіп, қажет­ті протектор мен бүйірлік бөлік­тердің суретімен соңғы пішіні шығады. Соңында дайын өнім өте мұқият тексерістен өтеді.

Шина зауытының құрылысы 2021 жылы Саран индустриялық аймағында басталды. Ал­пауыт жобаға инвесторлар – ПАО «Татнефть» ашық АҚ мен «ГК «Аллюр» АҚ әртарап­­ты қол­дау көрсеткен. Құйылған жалпы инвестиция көлемі – 531,8 млн доллар. Зауыт алаңы – 106 мың шар­шы метр. Кәсіпорында әлем­дік өндірушілердің заманауи жаб­­дық­та­ры бар. Озық технология резеңке қос­па­ларды әзірлеуден бастап, жинақтау мен вулканизацияға дейін толық циклмен шиналарды өндіруге мейлінше мүмкіндік беріп отыр. Мұндай өндіріс орны экспорттық бағыт­ты да дамытады.

Зауыт жылына 3 млн жеңіл және 500 мың жүк көлігіне арнал­ған шина шығара алады. Был­тыр маусымда «Attar» брендінің жеңіл автокөліктеріне арнал­ған шиналардың серия­­­лық өндірісі жолға қойылды. Жеңіл ав­токөлік­тер мен жол талғамайтын темір тұл­­пар­ларға арнал­ған қос мо­делді шина әзірленді. Мұны­­­мен қоса, қысқы шинаның да түрлерін шы­ғар­ды.

«Attar» брендінің өнімдері өткен жылдан бері ішкі нарыққа шығарылды. Шиналар ресми дистрибьюторлардың маман­дандырылған дүкендер желісі арқылы саудаға түскен. Дилер­лік орта­лықтар арқылы сатылады. Экспорт мәсе­лесі де жолға қо­йыл­­ған. Былтыр жазда «Attar» шина­ларының Ресейге алғашқы жет­­кізілім­­­­­дері басталды. Кәсіп­орынның отандық автозауыттармен де ынтымақтастығы бар», дейді Максим Белявский.

Қазір зауытта шамамен 800 адам жұмыс істейді. Келешекте олардың саны 1100-ге дейін артуы мүмкін. Қызметкерлердің көбі шетелде арнайы тағылымдамадан өткен.

Қарағанды облысы,

Саран қаласы

Бөлісу:
Кәсіпорын көлік шиналарын шығара бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар