Саясат
1 мин оқу 50

Астана халықаралық форумы тікелей эфирде көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана халықаралық форумы тікелей эфирде көрсетіледі

«Астана халықаралық форумының пленарлық отырысы республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция сағат 10.30-да басталады», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, форум Астанада 29-30 мамыр күндері өтеді. 

Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады.

Астана халықаралық форумы – Орталық Азия аймағындағы ең ірі іс-шара, ол халықаралық күн тәртібіндегі негізгі және өзекті мәселелер бойынша шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, ірі компаниялардың, іскерлік және академиялық қауымдастықтың жоғары лауазымды делегаттары арасындағы диалог үшін жаһандық алаң болып табылады. AIF-те сыртқы саясат, экономика және қаржы, қауіпсіздік, тұрақты даму, энергетика және климат мәселелері талқыланады. 

Бөлісу:
Астана халықаралық форумы тікелей эфирде көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар