Шахмат
2 мин оқу 30

KazChess Awards 2025 жеңімпаздары анықталды

<p style="text-align: justify;">Астанада KazChess Awards 2025 шахмат сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан шахмат федерациясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үздік шахматшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілер мен серіктестерді 14 номинация бойынша марапаттады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

KazChess Awards 2025 жеңімпаздары анықталды

Бұл шара – шахмат спортын дәріптеуге, үздік жетістіктерді тануға және болашақ чемпиондарды ынталандыруға бағытталған маңызды жоба.

Федерация президенті Тимур Турловтың айтуынша, 2024 жыл – қазақ шахматы үшін тарихи жыл болды. Отандастарымыз халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп, 160 медаль жеңіп алды, оның ішінде – 55 алтын, 54 күміс және 51 қола.

«Біз қазір қазақ шахматының нағыз гүлдену кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл – еңбектің, табандылықтың және командалық жұмыстың жемісі. KazChess Awards – бұл марапат қана емес, шахматқа деген құрметтің, жаңа чемпиондарға деген сенімнің белгісі, деді Турлов.

Эдгар Мамедов – 14 жасында Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер атанып, «Үміт» медалімен марапатталды.

Бибісара Асаубаева – 2025 жылғы Sharjah Masters супертурнирінде үшінші гроссмейстерлік нормативін орындап, «Дара» медаліне ие болды

«Біздің құрама жас, бірақ өте талантты. Менің жасым 21-де,  команданың ең үлкенімін. Бұл – болашағы зор шахматшылардың буыны», деді Бибісара Асаубаева марапаттау рәсімінде.

Салтанатты шарамен қатар, 28 мамырда Астанадағы Халықаралық қаржы орталығында Қазақстан шахмат федерациясының съезі өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам делегат қатысты. Съезд барысында федерацияның жарғысына өзгерістер енгізіліп, 2024 жылдың қорытындылары мен алдағы даму бағыттары талқыланды.

Арайлым МЫРЗАХАН,

ЕҰУ 2 курс студенті 

Бөлісу:
KazChess Awards 2025 жеңімпаздары анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар