Жәдігер
1 мин оқу 70

Көненің көзіндей көк машина

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жамбыл &ndash; менің жай атым, Халық &ndash; менің шын атым&raquo; деп жыр тиегін ағытқан ақиық ақын Жам&shy;был Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде шығар&shy;машылығы ғана емес, тірші&shy;лігін&shy;де қолданған тұр&shy;мыстық заттары мен домбыра, шапандары көз&shy;дің қарашығындай сақ&shy;таулы тұр. Бүгінде музей қо&shy;рында 3 310 жәді&shy;гер болса, оның 2 970-і негізгі қор&shy;ды, 340-ы ғылыми көмекші қорды құрайды.</p>

Көненің көзіндей көк машина

Ақындар еліне табаны тиіп, Жамбыл ата­ның көк күмбезді музейі­не келген қонақтардың алдымен көлікжайда тұр­ған көк машинаға көзі түсері анық. «Мен мұн­далап» тұрған көлік 1938 жылы Жам­был Жа­­баевтың ақын­дық ­шы­­ғар­­машылығы­ның 75 ­жыл­­дығы аталып, сол кезде ақынға 12 бөл­мелі үй салынып, Горький автомобиль зауытынан 1932 жылы шыққан ­«МК М1» маркалы автокөлігі сыйға берілген.

ва

«Өзіне арнап са­лын­ған үйде өмірінің со­ңына дейін тұрған. Жам­был ата мемориалды му­зейінің бес бөлмесі ес­керт­­кіш бөл­мелер, яғни көзі тірісінде қолданған заттары, киген киімдері, сый­лықтары сол қалпы сақ­талған. Ал атамызға берілген автокөлік сол жылдары Қазақстан бо­йын­ша 6-ақ адамда болған екен. Жамбыл атамызды Григорий Бажен және туыс інісі Нағашыбек Байсабаев деген екі жүр­гізушісі алып жүрген. Бірі қалаға тасымалдаса, екіншісі ауылдарды аралатқан. Алғашында ма­шинаның түсі қаракөк болған. 2008 жылы қай­та жөндеуден өтіп, түсі өз­гертіліп, жүретін қа­лып­қа келтірілді», – дейді ақын­ның немересі әрі музейдің директоры Сал­танат Жамбылова.

Ақынның мол мұра­сынан сыр шертетін музейде таяғы, кебісі, мәсісі мен бөркі, оюлы шапандары ілініп тұр.

Алматы облысы

Бөлісу:
Көненің көзіндей көк машина · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар