Қоғам
1 мин оқу 40

Мәдени-гуманитарлық байланыс мәселелері байыпталды

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай Коммунистік партия&shy;сы&shy;ның Орталық комитеті Үгіт-насихат бөлімі меңгеру&shy;шісінің орынба&shy;сары Ху Хэпинмен кездес&shy;ті. Бұл жүздесу мәдени-гума&shy;ни&shy;тар&shy;лық және ақ&shy;&shy;&shy;&shy;&shy;па&shy;рат&shy;тық саладағы екі&shy;жақты ынтымақ&shy;тас&shy;тық&shy;ты да&shy;мы&shy;ту аясында өтті.</p>

Мәдени-гуманитарлық байланыс мәселелері байыпталды

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Қытай арасындағы бұқа­ралық ақпарат құралдары, ғылым және мәдениет сала­­ла­рындағы өзара іс-қимыл­­дың негізгі бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ екі елдің сараптамалық орта­­лықтары мен жетекші медиа құ­ры­лымдары арасындағы тәжі­­­ри­бе алмасу мәселесіне ерекше на­зар аударды.

Ху Хэпин қонақжайлық көрсет­кені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдіріп, Қытай мен Орталық Азия елдерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығы форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

Тараптар гуманитарлық диа­логті нығайту өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухындағы байланыстарды одан әрі бекем­­деу­­ге ықпал ететініне сенім білдірді.

Бөлісу: