Заң
1 мин оқу 70

Жеті жыл бойы алимент төлемеген әке жазаланды

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратураның хабарлауынша, борышкер әке мүмкіндігі бола&nbsp; тұра алимент төлеуге асықпаған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жеті жыл бойы алимент төлемеген әке жазаланды

Осылайша Жамбыл облысы тұрғынының балалар алдындағы берешегі 7 жылда 12,6 млн теңгеге жеткен.

2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» есімді азаматқа қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Жеті жыл бойы алимент төлемеген әке жазаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар