Білім
1 мин оқу 90

Жалған диплом жасағандар заңмен жазаланады – Министрлік

<p style="text-align: justify;">ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған диплом жасатып, сатып алатындарға қатаң жаза қолданылатынын ескертті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жалған диплом жасағандар заңмен  жазаланады – Министрлік

Қазір интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кең таралып жатыр. Дипломдардың заңсыз айналымын болдырмау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың базасын құрды.

«2021 жылдан бастап барлық жоғары оқу орындары өзіндік үлгідегі дипломдар беріп келеді, ал олардың түпнұсқалығын тексеру Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы жүзеге асырылады. 1991 жылдан бері берілген дипломдар кезең-кезеңімен цифрландырылып, 3 миллионнан астам дерек базаға енгізілді», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ министрлік жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертті. 

Бөлісу:
Жалған диплом жасағандар заңмен жазаланады – Министрлік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар