Алматы
1 мин оқу 100
Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
<p style="text-align: justify;">Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысып, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды, <strong>деп</strong> хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі. </p>

Қарағайлы скверінде өткен еске алу іс-шарасына қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, сондай-ақ қаладағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Бүгін біз қуғын-сүргін мен ашаршылық кезінде қаза тапқан ата-бабалардың рухы алдында адами және азаматтық борышымызды өтеу үшін жиналдық. Бір минуттық үнсіздік – есте сақтаудың, құрметтің және сабақ алудың белгісі. Біздің міндетіміз – өткеннің ауыр кезеңдерін есте сақтай отырып, бүгінгі бірлік пен бейбітшілікті бекемдеу», - деді Дархан Сатыбалды.
Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Іс-шарадан кейін әкім Алматы әкімі қалалық мәслихат депутаттарымен және қоғам өкілдерімен әңгімелесті.
АЛМАТЫ
Бөлісу: