Төтенше жағдай
1 мин оқу 300

Құлсарыда жарылыстан 2 адам қайтыс болды 

<div style="text-align: justify;">Атырау облысының Құлсары қаласында газ құю стансаның маңында жарылыс болды. Жарылыстан зардап шеккен 14 адамның екеуі қайтыс болды,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.&nbsp;</div>

Құлсарыда жарылыстан 2 адам қайтыс болды 
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс бүгін, 30 мамырда сағат 18-45 шамасында Құлсары қаласындағы Махамбет көшесінде болған. 
 
Жарылыстың салдарынан жақын орналасқан бір қабатты нысан, газ құю стансасы мен 2 қабатты ғимарат өртенді. Алдын ала мәліметке сәйкес 14 адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің екеуі көз жұмды. 
Қазір өртті сөндіру жалғасып жатыр.
 
 
Атырау облысы
Бөлісу:
Құлсарыда жарылыстан 2 адам қайтыс болды  · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар