Экономика
1 мин оқу 120

2030 жылға дейін 37 өткізу пункті жаңғыртылады

<p style="text-align: justify;">Елімізде мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы басталды. Бұл туралы&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ұлттық компаниясы хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2030 жылға дейін 37 өткізу пункті жаңғыртылады

Халықаралық сауда, транзиттік тасымалдар мен жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 2030 жылға дейін 37 шекаралық нысанды кезең-кезеңімен қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Компания Қазақстан-Қырғыз және Қазақстан-Ресей шекараларында алты басым жобаны іске асыруға кіріскен. (Бесағаш, Қарасу, Сырым, Әлімбет, Жаңа Жол және Қосақ өткізу пункттері).

Алдағы уақытта атқарылатын тағы алты жоба: Тасқала, Үрлітөбе, Құрманғазы, Ақсай, Қайрақ және Камышановка пысықталып жатыр.

Өткізу пунктерін жаңғырту аясында көліктерді, азаматтар мен сауда өкілдері үшін шекарадан қолайлы әрі тез өтуге жағдай жасалады.

Сондай-ақ,бағдарлама шекара маңында орналасқан аймақтардың дамуын ынталандырып, республиканың халықаралық көлік дәліздеріне ықпалдасуын күшейтеді.

Бөлісу: