Үш ел «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдаланады
<p style="text-align: justify;">Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволары басшылары биылғы маусым айынан тамызға дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр.
Аталған су қоймасының жұмыс кестесі көрсетілген құжат – үш ел арасындағы суды тиімді әрі теңдей бөлуді көздейді.
«Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық су құқығы қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылады. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол – тұрақты даму мен өңірлік тұрақтылықтың құралы. Біз ынтымақтастық арқылы ғана климаттық сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз», деді министр Н.Нұржігітов.