Төтенше жағдай
1 мин оқу 60

Алматыда газ жарылып, бір адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы Шапағат шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйде газ жарылысы болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда газ жарылып,  бір адам қаза тапты

1980 жылы салынған үйде орын алған жарылыс салдарынан өрт шықпағанымен, үйдің құрылымы қираған. Құтқарушылар үйінді арасынан 1949 жылы туған ер адамның денесін тапты.

«Құрылыс қалдықтарын тазалау кезінде ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр»,  делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнына жедел штаб құрылып, оған әкімдік қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, құтқарушылар, Апаттар медицинасы орталығы және кинологтармен жабдықталған Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жұмылдырылды.

Қазір апат салдары жойылып, тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Алматыда газ жарылып, бір адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар