Қарағандыда 40 жетім бала баспанаға ие болды
<p style="text-align: justify;">Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға көптен күткен баспана берілген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Прокуратура тұрғын үй беру саласындағы заңбұзушылықтарды анықтап, мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен тиісті жұмыстар жүргізген. Нәтижесінде, балаларға заңмен бекітілген тұрғын үй құқықтары қамтамасыз етілген.
«Бұл – тек баспана ғана емес, олардың қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне жасалған нақты қадам. Аудан прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жалғастырады», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.