Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті

<p style="text-align: justify;">Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, &laquo;Talap&raquo; КЕАҚ және &laquo;Astana Hub&raquo; халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырумен &laquo;INNOVATION&raquo; республикалық хакатоны өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті

14 облыс пен 3 қаладан келген 27 мықты команданың басын біріктірген хакатонға колледж студенттері мен түлектері, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы жас мамандар қатысты.

Қатысушылар екі күн бойы сандық шешімдерді құрды. Бағалау – инновациялылық, функционалдылық, UX/UI-дизайн, практикалық қолдану және басқа да он негізгі критерий бойынша жүргізілді.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша «INNOVATION» хакатонының қорытындысы мынадай:

1 орынды – Павлодар қаласының Goodbalalar командасы алса, 2 орынды – Ақмола облысы, Щучинск қаласының «Битый байт» және Алматы қаласының CyberKumbez командалары алып, 3 орынды – Павлодар қаласының BlinkXES командасы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Aviola командасы және Алматы қаласының Caspian Students командасы иеленді.

Негізгі жүлделерден бөлек арнайы номинациялар бойынша марапаттар табысталды: «Үздік техникалық шешім» – Алматы облысы Қонаев қаласының Warlock командасы, «Дизайн шеберлігі» – Алматы қаласының CreaTeam командасы, «Үздік командалық өзара іс-қимыл» – Астана қаласының ATV Alliance командасы, «Инновациялық жоба» – Павлодар қаласының DivSync командасы, «Үздік команда жетекшісі» – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Edgerunners командасы, «Креативті шешім» – Қызылорда қаласының ORDA командасы.

Жүлде қоры 3,5 миллион теңгені құрап, барлық қатысушылар, тәлімгерлер мен команда жетекшілері сертификаттар және ақшалай сыйлықтар алды.

Бөлісу:
Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар