Қазақстан халқының саны 20,3 миллионға жетті
<p style="text-align: justify;">2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құраған. Жыл басынан бері ел халқы 69,8 мың адамға артқан. Оның 63,4 мыңы – табиғи өсім, ал 6,3 мыңы – көші-қон есебінен тіркелген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, ел бойынша халық санының ең жоғары өсімі Астана қаласында байқалған.
«Жыл басынан бері елорда тұрғындарының қатары 29,7 мың адамға көбейген, оның 78,3 пайызы – көші-қон есебінен. Бұл Астананың еңбек нарығы мен инфрақұрылымы мигранттар үшін тартымды екенін көрсетеді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ көші-қон бойынша оң сальдо Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар Алматы, Шымкент және Астана қалаларында тіркелген.