Қоғам
1 мин оқу 20

Өзара ынтымақтастық орнатуға келісті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақмыс корпорациясы&raquo; ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұржанов британиялық &laquo;Pallas Resources&raquo; компаниясының президенті Дэниел Риклманмен кездесіп, геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.</p>

Өзара ынтымақтастық орнатуға келісті

«Pallas Resources» – Орталық Азиядағы болашағы зор минералдық жүйелерді іздеу және дамыту бағытында жұмыс істейтін жекеменшік британдық геологиялық барлау компаниясы. Кездесу барысында ұзақ мерзімді серіктестіктің келешегі сөз болды. Дэниел Риклман «Pallas Resources/Ivanhoe Mines» компанияларының «Қазақ­мыс» корпорациясы­мен кең ауқымды геология­лық барлау жұмыстарын жүр­гізу аясында ынтымақ­тас­тыққа мүдделі екенін біл­діріп, аталған компания­ны өңірдегі негізгі әрі тәжірибелі серіктестердің бірі ретінде атап өтті.

Тараптар ынтымақтас­тықтың егжей-тегжейін және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау үшін бірнеше жұ­мыс кездесуін өткізуге уағ­да­ласты. Келесі кездесу «Қазақмыс» компаниялар тобының өндірістік нысандарында, соның ішін­де Жезқазған қаласындағы геологиялық кластерде өтеді.

ва

Жуырда «Ivanhoe Mines» пен «Pallas Resour­ces» Қазақстан аума­ғын­да геологиялық барлау жұ­мысын жүргізу мақ­са­тында бірлескен кәсіп­орын құрған болатын. «Қазақ­мыс» компаниялар тобында «Kazakhmys Barlau» және «Qazaq Geophysics» маман­данды­рыл­ған геологиялық барлау құрылымдары жұ­мыс істеп жатыр. Бұл ком­па­­ниялар заманауи геоло­гия­лық барлау және жинал­ған деректерді талдау әдісте­рін пайдалана отырып, Қазақ­­станның минералдық-шикі­зат базасын кеңейту стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

«Ivanhoe Mines» – мыс, никель, платина және өзге де металл кен орындарын барлау, игеру және өндіруге маманданған халықаралық тау-кен ком­па­ниясы. Компания қыз­меті Африка мен Сол­түстік-Орталық Еуро­паны қамтиды.

Бөлісу:
Өзара ынтымақтастық орнатуға келісті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар