Әлем
1 мин оқу 20

Түркиядағы жер сілкінісінен бір адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Мұғла қаласында жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2:17-де магнитудасы 5.8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Түркиядағы жер сілкінісінен бір адам қаза тапты

Жерасты дүмпулері Мармара қаласынан 10 шақырым қашықтықта, 67,91 км тереңдікте орын алған. Зілзаланың күші Мұғламен қатар жақын маңдағы провинцияларда да қатты сезілген.

Алғашқы мәліметтер бойынша, бір тұрғын екінші қабаттағы үйінен үреймен секіріп, қаза тапқан. Сонымен қатар, осыған ұқсас себептермен 69 адам түрлі деңгейде жарақат алғаны хабарланды.

Жер сілкінісінен кейін Түркия билігі цунами қаупін жариялап, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Аймақта құтқару және жедел көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісінен бір адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар