Білім
1 мин оқу 50

Педагогтерге арналған байқауға өтініш қабылдау басталды

<p style="text-align: justify;">Республикалық &laquo;Педагогикалық идеялар панорамасы &ndash; 2025&raquo; байқауын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Педагогтерге арналған байқауға өтініш қабылдау басталды

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Жеңімпаздарға ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

Өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Байқау шарттарымен толығырақ ppi.orleu.edu.kz сайтында танысуға болады.

Бөлісу:
Педагогтерге арналған байқауға өтініш қабылдау басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар