Қоғам
1 мин оқу 50

Карикатурашы Ибрагим Кубеков дүниеден озды

<p style="text-align: justify;">Қайғылы хабарды оның ұлы Евгений Кубеков Facebook аккаунтында жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p>&nbsp;</p>

Карикатурашы Ибрагим Кубеков дүниеден озды

«Кеше Испанияның Бургас қаласында әкем Ибрагим Кубеков өмірден өтті. Жақындарыңызды қадірлеңіздер!» делінген хабарламада.

Ибрагим Кубеков – қазақстандық карикатурашы. Ол 1957 жылы Украин КСР-інің Ворошиловград қаласында дүниеге келген. 1960-жылдардың басынан бастап Алматы қаласында тұрған. 1978–1982 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің көркем-графика факультетінде білім алған.

1980-жылдардың соңынан бастап Ибрагим Кубеков шамамен қырық жыл бойы газет графикасы саласында еңбек еткен. Ол «Дружные ребята», «Караван», «Мегаполис», «Ковчег», «Информбюро» секілді басылымдарға шарждар мен карикатуралар жасап отырған. Ибрагим Кубеков – бүкілодақтық және халықаралық карикатура байқауларының жүлдегері әрі қатысушысы. Оның еңбектері республикадағы ірі музейлер мен көрме залдарында қойылған.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті

Бөлісу:
Карикатурашы Ибрагим Кубеков дүниеден озды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар