Заң
1 мин оқу 70
Шерзат Полат ісі бойынша үкім шығатын күн белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі сот процесінде төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов үкім 5 - маусым, сағат 16: 00-де жарияланатынын айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шезат ісі бойынша соңғы сот отырысы 5-маусым күні өтеді.
Іс бойынша 9 адам айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай Шерзат Полат өліміне күдіктілерге:
- Абзал Шынасылға – 23 жыл;
- Равиль Сакиевке – 20 жыл;
- Шыңғыс Белғожаевқа – 7 жыл;
- Дархан Аскентайға – 7 жыл;
- Нұрқияс Ілиясовқа – 9 жыл;
- Нұрбол Тоқтаубаевқа – 7 жыл;
- Азамат Тоқтаубаевқа – 15 жыл;
- Дидар Қалиахметке – 7 жыл;
- Дидар Ысқаққа (кәмелетке толмаған) – 1 жыл 6 ай жаза тағайындауды сұраған еді.
Айта кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тауып, кейіннен отбасының үйі өртеніп кеткен еді. Ал бірнеше айдан соң Шерзаттың ағасы көз жұмған болатын.
Бөлісу: