Аймақтар
1 мин оқу 60

Қостанай облысында ауыр қылмыс азайған

<p style="text-align: justify;">Аталған облыста ауыр және аса ауыр қылмыстар айтарлықтай азайған. Қылмыстардың ашылу деңгейі 2,7%-ға артқан. Алайда, полиция департаментін әрбір төртінші қылмыстың мас күйінде жасалғаны алаңдатып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанай облысында ауыр қылмыс азайған

Қостанайда өткен халықпен кездесуде облыстық полиция департаменті бастығы Ерлан Файзуллин 2025 жылдың алғашқы төрт айындағы жұмыс қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, 45 келіден астам есірткі тәркіленіп, 8 заңсыз зертхана жойылған. 96 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Отбасылық зорлық-зомбылық фактілері көбейгенімен, 2000-нан астам агрессор жауапқа тартылып, қорғау шаралары қабылданған. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 27%-ға төмендеген. Ал жол-көлік оқиғалары төрт есе өсіп, 492 адам зардап шеккен.

Polisia.kz хабарлауынша облыста 1000-нан аса бейнекамера жұмыс істейді, жасанды интеллект пилоттық режимде қолданыла бастады. Атты полиция жасағының орнына енді дрондар қолданылады.

Бөлісу:
Қостанай облысында ауыр қылмыс азайған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар