Оқиға
1 мин оқу 70
Астанада тұрғын үйдегі өрттен 100-ге жуық адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Астанада 4 маусымға қараған түні «Жеті бөшке» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Жалпы өрттің аумағы шамамен 250 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 6-дан 16-қабатқа дейінгі аралықта орналасқан жылу оқшаулағыш материалдар мен 14-қабаттағы балкон отқа оранған.
ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 01:30-да оқшауланып, 02:00-де толық сөндірілген. Оқиға орнына ТЖД-ның 45 қызметкері мен 13 техника бірлігі жұмылдырылған.
100-ге жуық адам өз бетімен эвакуацияланған, тағы 15 адам арнайы техника көмегімен шығарылды.
Бөлісу: