Әскер
1 мин оқу 70

Жауынгерлер халықаралық жарысқа қатысады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлері Иорданияда өтетін халықаралық 14-ші Warrior Competition 2025 сайысына қатысу үшін дайындықтың соңғы кезеңіне өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жауынгерлер халықаралық жарысқа қатысады

Жыл сайынғы жарыстар Иорданияда Король Абдалла атындағы Арнайы операциялар күштерін даярлайтын орталықтың полигонында өтеді. Биыл сайысқа әлемнің 40-қа жуық елінен мықты деген элиталық бөлімшелер қатысады.

270685760286
Әскери қызметшілер ұрыс жүргізу тактикасын, шабуылдау іс-қимылдарын, атуды, эвакуация элементтерін және топ құрамындағы өзара іс-қимылды пысықтайды. Дайындық таулы жерлерде, ыстық ауа райында және шектеулі ресурстар жағдайында жүзеге асырылады.

Дайындықта әскери қызметшілердің физикалық төзімділігі мен психологиялық тұрақтылығы, сондай-ақ жедел шешім қабылдау қабілеті басты назарға алынады. Сайыстың басты ерекшелігі - қатысушылардың тек жеке шеберлігі ғана емес, топ құрамындағы үйлесімді жұмыс істеу қабілеті де сынға түседі.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті

Бөлісу:
Жауынгерлер халықаралық жарысқа қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар