Қоғам
1 мин оқу 81

Жыл басынан бері елімізге қанша мигрант келді

<p style="text-align: justify;">Биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға 4923 адам келген, ал 1122 адам елден кеткен, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.</p>

Жыл басынан бері елімізге қанша мигрант келді

Миграциялық сальдо +3801 адамды құрап отыр – бұл Қазақстанда өмір сүруді таңдаушылардың саны елден көшіп жатқандардан әлдеқайда көп екенін білдіреді.

Келген мигранттардың көпшілігі – ТМД елдерінен, олардың үлесі 84,1%-ды құрайды. Ең көп келгендер – Өзбекстаннан (2614 адам) және Ресейден (982 адам).
Тағы 783 адам басқа елдерден келген – олардың ішінде ең көбі Қытайдан (427 адам), Моңғолиядан (129 адам) және Түркиядан (57 адам).

Жаңа қоныстанушылар үшін ең тартымды өңірлер – Алматы облысы (1649 адам), Маңғыстау облысы (764 адам) және Алматы қаласы (687 адам) болды.

Келгендердің басым бөлігі (61,7%) – 20 мен 44 жас аралығындағы азаматтар.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті

Бөлісу:
Жыл басынан бері елімізге қанша мигрант келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар