Құрбан айт мерекесінде ХҚКО жұмыс істей ме
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары Құрбан айт мерекесі тойланатын 6 маусым күні жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>

Бірақ 7 маусымда кезекші қызметкерлер жұмыс істейді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі күндері өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Шығыс Қазақстан облысында ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағат ерте басталып, бір сағат ерте аяқталады.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
ЕҰУ 2-курс студенті