Әлем
1 мин оқу 30

Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

<p style="text-align: justify;">АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;РИА Новостиге&raquo; сілтеме жасап.</p>

Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

«АҚШ-тың сыртқы саясатын, ұлттық қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсаттарын ескере отырып, мен келесі 12 елдің азаматтарына елге толық кіруге тыйым салу және шектеу қою туралы шешім қабылдадым: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен», делінген құжатта.

Жарлықта «бұл шектеулер АҚШ-қа иммиграциялық және иммиграциялық емес визалар арқылы келетін шетел азаматтарына қатысты қолданылады» деп нақтыланған. 

Сонымен қатар Трамп АҚШ-қа келесі жеті елдің азаматтарына кіруді ішінара шектеген.

«Мен келесі жеті елдің азаматтарына елге кіруге ішінара тыйым салу және шектеу қою туралы шешім қабылдадым: Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла», делінген құжатта.

Бұл шектеулер әртүрлі болғанымен, олар иммиграциялық та, иммиграциялық емес визаларға да қолданылады.

Бөлісу:
Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар