Балуан полицейлер Азия додасында жеңіске жетті
<p style="text-align: justify;">Иорданияның Амман қаласында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Қуандық Есенеев (94 келі) қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Бұл – оның халықаралық ауқымдағы жарыстан алған алғашқы алтын медалі емес екен, алайда Азия чемпионатындағы жеңісі – зор жетістік.
Ал 94 келіден жоғары салмақ бойынша оқу-жаттығу взводының полиция аға лейтенанты Дәурен Ауданбаев күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сөйтіп Жетісудың балуан полицейлері спортта да үздік екендіктерін айғақтады, мұндай жетістіктер – салауатты өмір салтын насихаттауға да серпін береді.