Аймақтар
1 мин оқу 50

СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген

<p style="text-align: justify;">Жыл басталғалы бері Солтүстік Қазақстан облысында 184 жол-көлік оқиғасы болған. 7 адам қаза тапқан. 256 адам жарақат алған. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында полицейлер &laquo;Қауіпсіз жол&raquo; жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген

«Қауіпсіз жол» іс-шарасын өткізу кезінде басқару құқығынсыз жүру бойынша 135 жағдайға тосқауыл қойылған. Басқару құқығынан айырылса да көлікті тізгіндеген 72 жүргізуші жауапқа тартылған. Іс-шара шеңберінде тәртіп сақшылары 8 мыңнан астам түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзуды, оның ішінде 155 масаң жүргізушіні анықтаған.

Іс-шара 19 сәуірден басталып, 350-ден астам полиция қызметкері басқа ұйымдар өкілдерімен бірлесіп, қала сыртындағы трассаларда және елді мекендер көшелерінде тексеріс жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар