Қоғам
1 мин оқу 60

Шәмшіге арналған пошта маркасы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазпошта&raquo; АҚ &laquo;Шәмші әлемі&raquo; қоғамдық қорының бастамасымен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған алғашқы пошта маркасын шығарды. Бұл айтулы оқиғаның тұсаукесері Алматы қаласында Ұлттық рәміздер күні қарсаңында өтті.</p>

Шәмшіге арналған пошта маркасы

Марка композитордың 95 жылдық мерейтойына орай шығарылып, Ш.Қал­дая­қов­тың өз дәуіріндегі көрнекті музыкант ретін­дегі айрықша рөлін айқындайды. Жо­баның авторы және марка дизайны тұжы­рымдамасының идея негізін ұсынған – қордың атқарушы директоры Ботагөз Қалдаяқова. Пошта мар­ка­сының дизайнері – Рауан Абайқызы Хайролла.

«Пошта қызметі» филиалының пош­та төлем белгілері басқармасының бас­тығы Айжан Каримхан­қызы Омарова­­ның айтуынша: «Марка шектеулі таралыммен шығарылған, оны еркін са­ты­лымнан табу оңай емес. Фила­телис­тер арасында бұл марканың сирек кез­десетін құнды дүние ретінде жоғары бағаланатыны сөзсіз».

2025 жылы қор композитордың мерейтойына орай бірнеше маңызды іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Солардың бірі де бірегейі, ұлттық музыка мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарған талантты композиторға арналған туған пош­та маркасының жарыққа шығуы.

 

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Шәмшіге арналған пошта маркасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар