Оқиға
1 мин оқу 90

Құлсарыда жоғалған 8 жасар қыз бала өлі табылды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысы, Құлсары қаласында қайғылы оқиға орын алды. 5 маусым күні күндіз, сағат 12-нің шамасында үйден шығып кетіп қайта оралмаған қыз баланың денесі 6-на қараған түнде&nbsp; Құрсай каналынан табылған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Құлсарыда жоғалған 8 жасар қыз бала өлі табылды

Қыз баланың ата-анасы кешкі сағат 21:28-де полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен, өкінішке орай жасөспірім өлі күйінде табылған.

Кісі өлтіру күдігімен Кұлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел түрде ұсталды. Ол  сот санкциясымен қамауға алынды. 

«Мұндай ауыр қылмыс  үшін ең қатаң жаза қарастырылады. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшысының бақылауына алынды», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Құлсарыда жоғалған 8 жасар қыз бала өлі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар