Қазақстан
1 мин оқу 120

Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

<p style="text-align: justify;">ҚР ҚМ аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қорғаныс министрлігінің делегациясы Ұлыбританияда ресми сапармен болды. Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарының құжатына Лондон қаласында қол қойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Іс-шара барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды. Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында Қазақстанның әскери қызметшілерін бітімгерлік, тілдік даярлау және оқыту негізгі бағыттар болып табылады.

«Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026  жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды», деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар