Алматы
1 мин оқу 120

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Алматыға дейін жетті

<p style="text-align: justify;">Бүгін таңда Қырғызстан аумағында жер сілкініп, қуаты Алматыға дейін сезілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Алматыға дейін жетті

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, жер дүмпуі 7 маусым сағат 8:33-те тіркелген.

- Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылы 7 маусымда Астана уақытымен сағат 8:33-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координатасы: 41.008 N 75.278 E, – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.

Дүмпудің қуаты Алматыда екі балл болған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Бөлісу:
Қырғызстанда болған жер сілкінісі Алматыға дейін жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар