Аймақтар
1 мин оқу 110

Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Усолка өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды төтенше жағдайлар қызметкерлері құтқарып алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

- 6 маусым күні Павлодар қаласындағы Усолка өзенінің коммуналдық жағажайын патрульдеу кезінде өңірлік төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суда қайғылы оқиғаның алдын алды. Құрамында 4 құтқарушы мен 2 жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқады. Зардап шегуші судың бетінде тұра алмай, су астына кете бастаған. Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп бірден реанимациялық іс-шараларды бастады,-деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Құтқарушылар ер адамның жағдайын тұрақтандырып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар