Қазақстан - Болгария арасында 5 меморандумға қол қойылды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алдымен екі ел Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:
1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.