Спорт
1 мин оқу 50

Өткен аптадағы спорттық жетістіктер

<p style="text-align: justify;">Қазақстан спортшылары өткен аптада спорттық гимнастика, жеңіл атлетика және теннис ойындары&nbsp;бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен аптадағы спорттық жетістіктер

Спорттық гимнастика: Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш – алтын, екі – күміс, екі – қола, барлығы жеті жүлде жеңіп алды.

Жеңіл атлетика: Грекияның Ханья қаласында халықаралық турнирде биіктікке секіруден ұлттық құрама мүшесі Кристина Овчинникова 190 сантиметрді бағындырып, алтыннан алқа тақты.

Теннис: Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатының финалисі атанды. Бұл – ол үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финал.

Бөлісу:
Өткен аптадағы спорттық жетістіктер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар