Спорт
1 мин оқу 50

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады

<p style="text-align: justify;"><strong>Парижде өткен &laquo;Ролан Гаррос&raquo; турнирі аяқталғаннан кейін теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады

Аталған жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге финалға дейін жеткен Анна Данилина үздік жұптардың тізімінде бірден сегіз сатыға жоғарлап, қазіргі кезде 9 орынды иеленуде. «Үлкен дуылға» санатындағы турнирдің шешуші сынында Крунич пен Данилина жұбы Италияның мықтылары – Сара Эррани мен Жасмин Паолиниден 4:6, 6:2, 1:6 есебімен ұтылды.

Францияның астанасындағы ерлердің бәскесінде үздік сегіз ойыншының қатарына қосылған Александр Бублик бұл жолы 19 бәсекелесін басып озып, 43 орынға жайғасты. Александр Шевченко ТОП-100-дікті түйіндеп тұр. Әйелдер арасындағы рейтингте Елена Рыбакина өзінің 11 орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 27 сатыға табан тіреді.  

Бөлісу:
Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар