Спорт
1 мин оқу 60

Жарыс күнделігі

<p style="text-align: justify;">Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан &laquo;АТР 250&raquo; турнирінің негізгі бөлігіне шыға алмады. Іріктеу сайысында ол швейцариялық Марк-Андреа Хуслерді ұтты. 1 сағат 44 минутқа созылған бәсеке 6:3, 5:7, 6:4 есебімен аяқталды. Бірақ шешуші бәсекеде Бейбіт мажарстандық Мартон Фучо&shy;вичқа есе жіберді &ndash; 7:6, 3:6, 2:6.&nbsp;</p>

Жарыс күнделігі
  • Футболдан Ұлттар лигасы­ның бас жүлдесін Португа­лия құрамасы жеңіп алды. Финалда олар Испаниядан айласын асырды. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. 21-минутта Мартин Субименди есеп ашса, арада бес-алты минуттай өткенде Нуну Мендеш таразы басын теңестірді. Бірінші таймның соңында Микель Оярсабаль испаниялықтарды алға шығарды. Бірақ 61-минутта Криштиану Роналду қарсылас команда ойыншыларының қуанышын су сепкендей басты. Қосымша уақытта да бұл есеп өзгерген жоқ. Пенальти соғу барысында Португалияның асығы алшысынан түсті – 5:3.
Бөлісу:
Жарыс күнделігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар