Оқиға
1 мин оқу 30
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы Саялы шағын ауданында жеңіл көлік пен автокран соқтығысып, үш адам жарақат алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың бірі көлік салонында қысылып қалған. Құтқару қызметінің мамандары оқиға орнына сағат 22:10-да жетіп, жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында 22:18-де барлық зардап шеккендерді көліктен шығарып алды. Бұл жұмыстар арнайы техника қолданбай-ақ орындалды», деп мәлімдеді 109 құтқару қызметінің баспасөз қызметі.
Жарақат алғандар жедел жәрдем бригадаларына тапсырылып, әртүрлі ауруханаларға жеткізілген.
Бөлісу: