Аймақтар
2 мин оқу 30

Демалыстың берері көп

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы аума&shy;ғындағы әр ауданның өзіндік табиғи ерекшелігі бар. Мысалы, Отырар ауданының оқушылары таулы аудандарда демалғанды қалайды. Осы орайда Түлкібас ауданы Келтемашат шатқалында орналасқан &laquo;Отырар&raquo; жазғы сауықтыру лагері алғашқы ауысымына отырарлық 153 баланы қабылдады.</p>

Демалыстың берері көп

Биылғы жазғы демалыста Отырар ауданының білім бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагеріне 31 жалпы білім беретін мектептен 1 050 бала­ны жіберу жоспарланып отыр. Әр ауысымда 150 баладан демалып, лагерь 7 ауысым бойынша жұмыс істейді. Ал «Машат-Арасан» лагерінде биыл Созақ ауданынан 450 бала тынығады. Демалыс ай­мақтарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген, яғни бей­не­­бақылау камералары орнатылып, кәсіби күзет қызметі жұмыс істейді. Жауапты мамандар лагерьге келген әрбір оқушыны адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбие­леп, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып, саламатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімде­рін жетілдіру, салт-дәстүрін дамыту, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыруға баулитынын айтады. Ол үшін лагерьде тәрбиеші, психолог, медбике және пән мұғалімдері жұмыс атқарады. Лагерьдің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақ­са­тында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексерілетін болады. Оқушылар 5 мезгіл тамақ­пен қамтамасыз етіледі. Жалпы, оқушылардың жаз­ғы де­ма­лысын тиімді әрі ма­­ғы­­­­­­налы өткізуіне бар­лық­­ жағ­­дай жасалған.

нг

Ал Мақта­арал ауданында «Бала­лар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» жанындағы жазғы сауықтыру лагері күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Ғимараттың шатыры, едені, терезелері мен есіктері толық ауыстырылып, қазіргі заман тала­бына сай жаңғыртылған. Асха­­­­на­­сы сырланып, санитар­лық-гигиеналық та­лап­қа сәй­кес­тендірілді. Бала­лар­дың жа­й­­лылығы үшін жаңа жуы­ну бөл­ме­лері орнатылды. Жазғы мау­сымда бұл лагерь 8 ауысым бо­йынша 1 500-ге жуық баланы қабылдап, әрқай­сы­сына 10 күндік демалыс ұйым­дас­­тырады. Лагерьде балалар үшін мәдени-спорттық шара­лар,­ шығармашылық үйір­ме­лер, интеллектуалдық ойындар, эко­логиялық және тәр­бие са­ға­­т­­­тары өткізу жоспар­ланған.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Демалыстың берері көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар