Спорт
1 мин оқу 40

Жарыс күнделігі

<p style="text-align: justify;">27 шілдеде Жапонияның Сайтама қаласында аралас жек&shy;пе-жектен өтетін RIZIN 4 тур&shy;ни&shy;рінде Қаршыға Дәуітбек Киома Акимотомен айқасады. 19 жас&shy;тағы жергілікті жас жұлдыз осы&shy;ған дейін тоғыз мәрте окта&shy;гонға шығып, сегіз сайыста ба&shy;сым&shy;&shy;дық танытты. Кезінде &laquo;Алаш Прайдтың&raquo; сапында бол&shy;ған Қар&shy;шыға 21 бәсекенің 18-інде жеңіске жетті. Бір айта кетерлігі, 31 жастағы қазақ файтері кейінгі алты жылдан аса уақыт аралығында бірде-бір рет жеңілген жоқ, қатарынан 10 жекпе-жекте жеңіс тойын тойлады.</p>

Жарыс күнделігі
  • Сауд Арабиясының астанасы – Эр-Риядта 2025 жылдың күз айларында алауы тұтанатын VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының делегация басшы­ларына арналған семинар өтті. Жиын барысында ұйым­дастырушылар әлемнің әр қиы­ры­нан жиналған 50-ден астам мем­лекет спортшыларының басын қосатын дүбірлі додаға дайын­дық жұмысы қазіргі кезде қа­лай жүріп жатқаны туралы то­лық ақпарат берді. Семинар барысында тұрақтау, көлікпен қамтамасыз ету, логис­тика, аккредитация үдерісі, медициналық және допингке қарсы қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы жарыстың маңызды жаңалықтарының бірі – ойындар бағдарламасына екі жаңа спорт түрі – бокс пен дуатлон енгізілді.
Бөлісу:
Жарыс күнделігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар