Оқиға
1 мин оқу 30

Ірі көлемде алаяқтық жасаған шетелдік ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ірі көлемде алаяқтық жасаған шетелдік ұсталды

ІІМ мәліметінше, алаяқтық салдарынан келтірілген жалпы шығын көлемі 5 миллиард теңгеден асады. Сондай-ақ ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген.

«2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған», делінген хабарламада.


Бөлісу:
Ірі көлемде алаяқтық жасаған шетелдік ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар