Спорт
1 мин оқу 50
Валерий Рахымжан күміс медаль иеленді
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық нысана көздеуші Валерий Рахымжан Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын абыроймен қорғап, финалда 241.9 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Аталған бағдарлама бойынша жарыстың жеңімпазы – Қытай спортшысы Ху Кай, оның көрсеткіші – 242.3 ұпай. Үшінші орынды Германия өкілі Кристиан Рейтц еншілеген (220.8 ұпай).
Айта кетейік, Валерий Рахымжан іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, финалға өткен болатын.
Бөлісу: