Заң
1 мин оқу 40

Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан балалардың ата-аналары жазаланды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында кәмелетке толмаған үш баланың жолда кетіп бара жатқан ГАЗель автокөлігіне жармасып, жол бойымен қозғалған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.<br /><br /></p>

Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан балалардың ата-аналары жазаланды

Оқиға жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзумен қатар балалардың өміріне қауіп төндірген. ІІМ қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп тәртіп бұзғандардың жеке басын анықтады. 

Олар 10-11 жас аралығындағы мектеп оқушылары болып шыққан. Барлық бала заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Балалардың ата-аналары бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Іс бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданған. Енді жасөспірімдер мектепішілік есепке алынады. 

Бөлісу:
Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан балалардың ата-аналары жазаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар