Үздіктер қатарына енді
<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың шешімімен Жезқаз­ған қаласындағы №26 мек­теп-гимназия, Сәт­баев қаласының Сәкен Сейфуллин атын­дағы гимназия­сы және Бауыржан Момыш­ұлы атындағы мек­теп-гимназия елі­міз­дегі «Үздік 100 мектеп» қатарына еніп, «Үздік мектеп – 2025» мәртебесіне ие болды.</p>

Мұндай марапатқа қол жеткізген аталған білім ұйымдары жүйелі жұмыс жүргізіп, білім сапасын арттырып, жаңашыл бастамалар мен заманауи әдістерді тиімді енгізген. Бір жағынан, бұған педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігі мен оқушылардың оқу жетістіктері, тәрбиелік бағыттағы жобалардың мазмұны да тікелей әсер етіп отыр. Қысқасы, «Үздік мектеп – 2025» мәртебесі – білім сапасына қойылатын талаптардың орындалып, оқу үдерісінің инновациялық тәсілдермен ұйымдастырылғанын нақты нәтижемен көрсетті.
Ұлытау облысы