Өндіріс
1 мин оқу 50
Қарағандыда кремний қорытпасын өндіреді
<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында Karagandy Power Silicon кремний қорытпаларын шығаратын зауыт салынуда, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қуаты жылына 95 мың тоннадан астам өнімді құрайтын төрт пешті іске қосу жоспарланып отыр. Инвестициялар шамамен 63 млрд теңгені құрайды, шамамен 500 жаңа жұмыс орны құрылады.
– Ферросилиций өндіретін кәсіпорынның бірінші кезегін салу жобасы аяқталу сатысында. Қыркүйекте бірінші іске қосу кешенін толығымен пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Мұнда «Сарыарқа» АЭА-да алдағы уақытта кварц өндіруден бастап толық өндірістік тізбек – кремний кластері құрылады, – деді Karagandy Power Silicon бас директоры Талғат Мәкаев.
Қарағанды облысы
Бөлісу: