Қоғам
1 мин оқу 50
Қазақстандықтар шілде айында қалай демалады
<p style="text-align: justify;">Елімізде жыл сайын 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space"> <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, егер мереке күнi демалыс күнiне сәйкес келсе, онда келесі жұмыс күні демалыс күні болып есептеледі. Осы ережеге байланысты биыл қазақстандықтар 7 шілде, дүйсенбі күні де демалады.
Осылайша, демалыс күндері төмендегідей болады:
- Бес күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін – қатарынан үш күн демалыс: 5 шілде (сенбі), 6 шілде (жексенбі), 7 шілде (дүйсенбі);
- Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін – екі күн демалыс: 6 шілде (жексенбі) және 7 шілде (дүйсенбі).
Сонымен қатар, шілде айындағы жұмыс және демалыс күндері мынадай:
- Бес күндік жұмыс аптасында – 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні;
- Алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні, 5 демалыс күні.
Бөлісу: